Дети сразу и непринужденно осваиваются со счастьем,ибо они сами по природе своей - радость и счастье.
Мекеме туралы
Құрметті қонақтар!
"Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының КММ-нің жеке сайтына қош келдініздер!
Біздің мекеме 1965 жылдан бастап стационарлық үлгіде жұмыс жасайды. Мекеме 101 мүгедек балаға арналған. Арнайы әлеуметтік коррекциялық жұмыстар жүзеге асырылады. Заттық іс-әрекет қызметін дамыту, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, жеке гигиена, сенсорлық және моторлық даму көзделген. Тек мамандардың үйлесімді жұмыс нәтижесінде, бұл базалық құрылымды қолдау кеңістігін калыптастыру, жалпы үйлестіру, ірі және ұсақ моторика, тіл дамыту, ойлану, жады және логикаға барынша тиімді және жақсы нәтижелер береді. Басты табыс- ол оңалту жұмыстарын ерте бастау. Әр балаға жеке дара және кешенді жұмыс жүргізу.
Арнаулы әлеуметтік кызметтердің стандарттары бойынша, мүгедек балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педогогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік құқықтық қызметтер енгізілді. Стоматология, физиотерапия, уқалау және ЛФК кабинеттері жұмыс істеуде.
Балаларға қолайлы өмір жағдайы жасалынған. Бізде жайлы бөлмелер, ойын залдары, кең асхана, сенсорлық бөлме бар. Онда психоэмоционалдық кернеу, балалардың мінез құлқының бұзылуларын алып тастау мақсатында релаксация сеанстары өткізіледі. Мамандар өз жұмыстарында әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып: тренингтер, әңгімелер, ойын терапиясы, құм терапиясы, ертегі терапиясы арқылы жұмыстар жүргізілуде.
Ұжымның басты мақсаты балаларды барынша қоғамға дайындау. Балалар өздерінің диагноздарына қарамастан мүмкіндігінше ертеңгілік концерттерге, ойын-сауықтарға, мәдени және спорттық шараларға, сахналауға катысып, ән айтады, би билейді және өлең оқиды. Сондай-ақ балалар таза ауамен тыныстанып, табиғат аясында көп уақыт өткізеді. Жыл бойы экскурсияларға шығып, қыста мұз айдындарына барып, мұражайларға, саябақтарға барады. Ұжымымыздың балаларға деген мейірімі мен махаббаты мол болғандықтан, әр бала өзіне деген жылылық пен қамқорлықты үнемі сезінеді.
Ізгі ниетпен "Аяла "ТАӘҚКО директоры
Т.Бақыт.