Дети сразу и непринужденно осваиваются со счастьем,ибо они сами по природе своей - радость и счастье.

В.Гюго.

Наш досуг

“Ерекше қажеттілігі бар балалардың психологиялық және эмоционалдық дамуы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Балалар еңбек терапиясында бәліш дайындауда...

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні. Домбыра қазақтың қадірі мен қасиетін атадан балаға жалғап  келе жатырған жәдігер.
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақтау мақсатында 1 шілде  Домбыра күніне орай «Домбыра сыр шертеді» атты мерекелік іс-шара өтті.

«ЖШС Кунжуманова Алатау Монша» еріктілер тобының ұйымдастыруымен  балалар «Страусиная  ферма» орталығына барды. Балалар түйеқұспен және ферманың тыныс тіршілігімен танысты. Балаларға арналған ойын-сауықтыру шарасы ұйымдастырылды және мерекелік дастархан жайылды.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер - деп, «Санжар» құрылыс фирмасының еріктілер тобы балаларды мерекемен құттықтады.

"Біз бақытты баламыз" ертеңгілігі

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген даналық сөз бар. Халықаралық балаларды қорғау күні - бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн.Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру - біз үшін ерекше бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Тойчубеков Асқар Тасболатұлы бастаған ұжымы 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай балаларға түрлі аниматорлар арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлап, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етті. 

Туған күн ертеңгілігі

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға И.Ф.Халипов атындағы №1 орта мектеп мұғалімі Жұмаханова Айнур Мукатовна соңғы қоңырауға арналған “Білімім - Отаныма” атты тәрбие сағатын өткізді.

Тақырыбы:Құстар-біздің досымыз.

Тақырыбы:Достық мекен! психологиялық тренинг

 

 Күндіз болу орталығында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағатты.

1мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлік - бақыттың бастауы» атты мерекелік концерттен.

Тақырыбы: “Қазақстан- бірлікпен татулықтың мекені!“
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін балалардың бойына сіңіру.

Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың акыл-ойынын дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, онын әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді.Еңбекке тәрбиелеудін негізгі мақсаты - еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, онын нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға  және денсаулығының нығаюына жардемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал етеді.

Тақырыбы:” Денсаулық- зор байлық”
Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.

 

 

Тақырыбы:Ғарышқа саяхат.
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тақырыбы: Зымыран                                                                                                                                                Мақсаты: Ғарыш  әлемі жайлы түсінік беру,  қызығушылығын  ояту, білімділікке  тәрбиелеу.
Зымыран ғарыш туралы білімдерін тиянақтау. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру, түстер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ұсақ саусақ қол моторикасын дамыту.
күндіз болу орталығы

Тақырыбы:Тыныс алу жаттығулары                                                                                                                        Мақсаты:Балаларға ойын түрінде тыныс алу жаттығуларын дамыту.

Тақырыбы:"Көңілді мәре"                                                                                                                                        Мақсаты:Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін,шапшаңдылықтарын, батылдықтарын,күштіліктерін байқау.Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Салуатты өмір салтын насихаттау.

Тақырыбы:"Шынай жүректегі алғыс" психологиялық тренинг                                                                      Мақсаты:Алғыс айту, сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру. Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

Тақырыбы: «Туған күн кеші»
Мақсаты: балаларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, достық сезімдерін ояту, досының қуанышына ортақ болу қасиеттерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, соғұрлым қимыл-әрекеті мен белсенділігі де артады.

Сәулемен емдеу маманы қызмет алушылармен "Биоптрон" шамымен емдеу жұмыстарын жүргізуде.  "Биоптрон" шамы микроциркуляцияны жақсартады және жасуша биостимуляциясын қамтамасыз етеді, дененің қорғаныс жүйесін нығайтады, қалпына келтіру және регенерация процестерін ынталандырады, дәрілік терапия көлемін азайтуға көмектеседі, ауырсынуды жеңілдетеді немесе оның қарқындылығын төмендетеді. Тіндердің жарықты сіңіруі АТФ деңгейінің жоғарылауымен бірге жүреді, бұл жасушалық метаболизмді жақсартады.

Балалар "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығына саяхат жасады. Саяхат барысында тәрбиеленушілер тарихи жәдігерлермен танысып, сақ тайпаларының өмірі мен бүкіл әлемге "Алтын адам" деген атаумен танылған жауынгер туралы терең мағлұмат алды. Мұражай қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Туған еліміздің мәдениеті мен өнерін өзгелерге дәріптеп, даңқын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз. Әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіреміз. Шығармашылық жаңа ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілейміз!

Балалар "Музей роботов Kazoku Recycle-art" роботтар әлемінде аянбай еңбек етіп, игі істері арқылы жақсылық жасап, демеушілік танытқан мұражай директоры Мухамеджанов Қуаныш Біржанұлы алғыс білдіреміз! Еңбек жолыңызға толағай табыс пен отбасыңызға береке-бірлік тілейміз! 

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы күнделікті жұмысқа сәйкес қызмет алушылардың денсаулығын жақсарту мақсатында "Жүгіру жолы" тренажермен жұмыс жүргізуде. 

Тақырыбы: "Көңілді мәре". Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру. Сумен ойындарға қызығушылықтарын арттыру. 

Тақырыбы: "Желкенді қайық". Мақсаты: Балаларға желкенді қайық туралы түсінік беру. Түсті қағаздарды түзеу, дәл бүктеуді және қайықты жасау тәсілдерін меңгерту. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту. Ойын арқылы түстерді ажырата білуге үйрету. Ойлау есте сақтау зейіндерін, ұсақ саусақ қол моторикасын дамыту. 

Тақырыбы: "Теңіз патшайымы" ойын сауықтыру. Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл-қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру және таза ауамен демалу мақсатында Алматы мемлекеттік табиғи қорығының тауына серуенге барды.

Тақырыбы: "Тактильді сезімталдықты дамыту". Мақсаты: Тактильді жолдар гетерогенлі жабындарда жалаң аяқ жүруге, балаларды жанасу дағдыларын дамытуға жылы және суық, өрескел және тегіс, жұмсақ және қатты, серпімді және қатты арасындағы айырмашылқтарды анықтауға үйрету. Тактильді сезімдерді үйлестіруді дамыту.

Астана күніне арналған  "Астана- әсем қала" атты мерекелік концерт өтті. Мақсаты: Еліміздің жаңа елордасы- Астана қаласын дәріптеу. Балаларды өз Отанын сүюге, елордасы- Астананы мақтаныш ете отырып, алған білімдерін дамыту. Жаңа Астананың ерекшіліктерін тани білуге тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнын сезіне білуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мерекелік қуаныш көңіл-күй сыйлау. 

Тақырыбы: "Кір жуу" ойыны. Мақсаты: балалардың мәдени гигиеналық дағдыларын күнделікті қалыптастыра отырып, соның ішінде ойын арқылы кір жуа білуге үйрету. Баланы сумен ойнай білуге қалыптастыру және осы дағдыларды өз еріктерімен орындай білуге үйрету. Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Тақырыбы: "Сыйқырлы гүлдер" психологиялық тренинг. Мақсаты: Жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, елестету кеңістік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.  

Тақырыбы: "Әрқашан күн сөнбесін!" асфальтқа сурет салу. Мақсаты: балаларды борлармен сурет салуға үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, сурет салуда әртүрлі түстерді пайдалана білуге дағдыландыру. Тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу. 

Тақырыбы: "Балалар өмірдің гүлі" сурет көрмесі. Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін ояту. Жазғы маусыммен таныстыру. Түрлі түстерді бейнелеуді, түстерді бейнелеуді, түстерді таңдауды үйрету. Балалардың ой өрісін, шығармашылық қабілетін арттыру. Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Балаларды мерекемен құттықтап, қуаныш пен мереке көңіл-күй сыйлағаны үшін ЖШС "Smart Way Logistics" көлік компаниясы ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, табыс, мықты денсаулық тілейміз.

7828c1ed-d54c-4b2f-8d6d-b5f36192c30e

           

Тақырыбы: "Балалар өмір гүлі" мерекелік концерті. Мақсаты:  Балаларды қорғау күні туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Мерекелік қуаныш көңіл-күй сыйлау.

Тақырыбы: "Көңілді старт" эстафеталық ойындар. Мақсаты: Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, эстетикалық тәрбие беру.

"Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!"-деп, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен соңғы қоңырауға арналған тәрбие сағаты өтті.

Балалардың дене қимыл қозғалыстарын дамыту және олардың оңтайлы дамуы үшін жеке түзете дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Сезім дамыту бөлмесінде балалармен тыныштандыру, ынталандыру, жігерлендіру жұмыстары жүргізілуде. 

Тақырыбы: "Ел қорғауға әзірміз"! Мақсаты: Балалардың денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мерекелік қуаныш көңіл-күй сыйлау.  

Тақырыбы: "Еркін елдің ұланымыз" атты тәрбие сағаты. Мақсаты: Балаларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу. Әр баланың жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды ұйымшыл болуға баулу. 

Тақырыбы: Рахмет сізге, Айболит! Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті-рөлді ойынды ұйымдастырып ойнауға, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.

Оңалту орталығында аутизмі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында мамандар аутист баламен жеке түзете дамыту жұмыстарын жүргізуде.

Тақырыбы: "Толағай" отбасылар сайысы. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін қалыптастыру, ата-анамен  бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Балаларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану-адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институтты, 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Мейірім шашқан күн" атты балалармен ойын сауықтыру шаралары өтті. 

Жеке түзете-дамыту жұмыстарында ойын элементтері арқылы балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру.

Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту және олардың оңтайлы дамуы үшін емдік дене шынықтыру шаралары жүргізілуде.

Оңалту орталығында оңалту курсын аяқтаған балаларға ойын сауықтыру шараларын ұйымдастырып балаларды шығарып салдық. Емдік дене шынықтыруда балалармен жеке түзете дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Оңалту орталығы дефектолог маман балаларға сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қол қимыл-қозғалысын, икемділігін шапшаңдығын арттыру мақсатында ойындар ойнатты. 

 

Оңалту орталығында балалармен жеке түзету дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Балалар емдік дене шынықтыруда жеке түзете дамыту жұмыстарын қабылдауда. Оңалту орталығы.

Оңалту орталығында дефектолог маманы балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Киіну және шешіну" тақырыбында жеке түзете дамыту сабағын жүргізуде..

Тақырыбы: "Ақ гүлімді сыйлаймын" қол өнер көрмесі. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мейрамға қызығушылықтарын арттыру. 

 

 

Белгілі ғұлама ғалымдар ЕДШ туралы "Қозғалыс әртүрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, ал бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды" деген.

Тақырыбы: "Ертегілер еліне саяхат".Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылықтарын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. Танымдылық қабілетін дамыту. Қарым-қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету.

 

Құтты болсын бүгінгі туған күнің,

Әрдайым күлімсіреп жүрсің жүзің

Жасыңа жас қосылып өсе берші,

Өмір саған әрқашан төксін нұрын, - деп бабаларымызды бүгінгі туған күндерімен құттықтаймыз.

Қызметкерлермен психологиялық тренинг.

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап, 

Біз тебеміз сырғанақ.

 

Тақырыбы: "Ғажайып қыс". Мақсаты: Балалардың қыз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын дамыту. Басталған нәрсені аяқтауға, еңбекті бағалауға тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өзін-өзі бағалауға үйрету. Өмірде көргендерін ойын арқылы көрсете білуге, оны қолдана білуге өзара көмектесуге, бір-біріне сеніммен қарауға, сыйлай білуге, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

 

Тақырыбы: "Біз спортшымыз!" қысқы спорттық ойындар. Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту. Қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

                                                     Балаларымыз "Щелкунчик" мұз шоуында.

щелк

Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Тәуелсіз ел Қазақстан".Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы, Тәуелсіздік туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау. Балаларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,  өз ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. 

"Тәуелсіз Қазақстан" атты мерекелік концерт өтті. 

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым.

 

"Біз бәріміз доспыз" психологиялық тренинг. Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру. 

И.Ф.Халиков атындағы  №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Болатбаева Майра үйден оқитын балалармен "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты тәрбие сағатын өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесімен танысу.

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру, жол белгілерінің атқаратын қызметімен және бағдаршам қызметін үйрету.

"Аяла" оңалту орталығы.

И.Ф.Халипов атындағы N 1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Ментай Есенгалиевна үйден оқитын балалармен “Менің Отаным -Қазақстан” атты тәрбие сағатын өткізді.

Ақсана Бақытбек “Мектеп үйретеді” әнімен
“Дарындар іске!” атты екінші аудандық конкурста II орын дипломмен марапатталды.

Тақырыбы:”Күз байлықтарын жинаймыз” эстафеталық ойындар
Мақсаты:балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту.

Тақырыбы: «Жеміс-жидек түрлері»(дауысты дыбыстарды үйрету)
Мақсаты: Балалардың жеміс-жидек жайлы білімін бекіту, қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.Балалардың сөздік – логикалық ойлауын, сөздік – бейнелік ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ұсақ қол моторикасын, тыныс алу жолдарын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Белсенді және енжар сөздік қорын молайту. Балалардың жеміс ағаштарын аялай білуге, тазалық сақтауға тәрбиелеу.

 

 Спорт-денсаулық кепілі!                            

Сезім дамыту бөлмесінде балалармен жеке түзете - дамытушылық жұмыс барысы.

Тақырыбы:”Ана-тілім мерейім!” тәрбие сағаты
Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік беру, әлемде басқа да ұлттар және олардың өздеріне тән тілдері бар екені туралы әңгімелеу, өз ана тілін құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Тақырыбы:”Берекелі Алтын күз!” қол өнер көрмесі
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.

 

“Денсаулық-зор байлық”спорттық іс-шарасы.
Мақсаты: Спорт пен денсаулық тығыз байланыста екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін,шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

А.Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».

"Сабын көпіршіктерімен ойын" (ауладағы жазғы ойын әрекеті).

d9f5e860-4463-46e8-a326-ede9e8ac1c15 cb1233f4-eacc-42c2-a0de-35a6e2204add a1a7cd0b-b6aa-49cb-90a9-48f6246dcabd 29779b4f-2c2a-4d51-ad17-5f7bebc1e443

3675a0b9-2fab-4228-abea-815e523d83e9 623a1095-68e7-49fa-b7be-618177d209fd  1ca2bb10-9533-4135-b8ba-b049aed847bc  55733d4b-eb86-4fb1-8c83-072c051c156e